Елімізде жоғары жалақы төленетін өңірлер белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жалақы көлемі жоғары өңірлер қатарына Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана қаласы енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 161 783 теңгені (өткен тоқсандыққа 99,4%, өткен жылдың тоқсанына сәйкес 109,3 ) құрады.

Аймақтар бойынша қарастыратын болсақ, көбірек жалақы алатын облыстар қатарында Атырау - 310,6 мың теңге, Маңғыстау - 273,1 мың теңге, Астана қаласы - 240,6 мың теңге.

Алматыда орташа жалақы көлемі 197,7 мың теңгені, БҚО - 155,7 мың, Қарағанды облысы - 146,3 мың, Павлодар - 139 мың, Ақтөбе облысы - 137, 5 мың, ШҚО - 135,8 мың, Қызылорда облысы - 132,8 мың, Қостанай өңірінде - 125,5 мың, Ақмола облысы - 121,3 мың, Шымкент қаласында - 113,7 мың, Алматы облысы -113,6 мың, Жамбыл облысы - 110,9 мың, СҚО - 110,8 мың, Түркістан облысы - 98,8 мың теңгені құрайды.

Бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы жұмысшылардың нақты санына және есеп беру кезеңіндегі айлардың санына жалақы қоры есептеген соманы бөлу арқылы анықталған.

Ең жоғарғы жалақы алатын саланың бірінші ондығына кіретіндер: теңіз және жағалау жүк көлігі 683,2 мың теңге, еңбекпен қамту 563,4 мың, су көлігі 560, 8 мың, басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру 505 мың, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет 499,2 мың, құбыр желісі бойынша тасымалдау 472,6 мың, әуе жолаушылар көлігі 417 мың, әуе көлігі 414,9 мың, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда - 378, 9 мың, сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374,1 мың.

Әлдеқайда төмен жалақы алатын саланың ондығына кіретіндер: жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату 51,4 тенге  және аквамәдениет 58,3мың, мектепке дейінгі білім беру 62,3 мың, бірге тұрып әлеуметтік қызмет көрсету 78,3 мың, бастауыш білім (бірінші сатысы) 80,3 мың, бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету 80,8 мың, тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету 87 734, білім беру 97,4 мың, жоғары білім 149,7 мың, ветеринарлық қызмет 98,2 мың.

2018 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда мына салаларда жалақы өсті: туроператорлар қызметінде, турагенттіктер мен туризм саласында қызмет ететін ұйымдарда - 162 мың теңге, сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374 мың, жеке қолданудағы компьютерлерді, тұрмыстық тауарларды жөндеу 237 мың, жүкті сақтау және қаттау 130 мың, өзен жүк көлігі 149 мың, жоғары білім 149 мың, қаржылық және сақтандыру қызметі 317 мың, міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметі 499 мың.

Соңғы жаңалықтар