+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Елімізде жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 26 қазан 20:53
Бөлісіңіз:
Елімізде жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды 4 желтоқсанда ауа райы қандай болады Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

27 қазанда күндіз және таңертең Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады. Жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с асып кетуі ықтимал.

27 қазанда тәулік бойы, 28 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып арты қарға ұласады. 27-28 қазанда тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 15-20, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

27-28 қазанда Петропавлда көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20 м/с, 27 қазанда күндіз, 28 қазанда түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

27 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

27 қазанда Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында 27 қазанда көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Қызылорда қаласында 27 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр, қалың қар жауады. Тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында 27 қазанда кей кездері тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ертең Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семейде 27 қазанда оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT