+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Елімізде жер мен мүлік салығы біріктіріледі

2019 жылғы 18 қараша 13:45
Бөлісіңіз:
Елімізде жер мен мүлік салығы біріктіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2020 жылдан бастап жер мен мүлік салығын біріктірілмек. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 млн теңге қарыз Ақмола облысында салық бойынша қарызы көп 100 адамның тізімі жарияланды Салық рақымшылығы: 4 млн теңге айыппұл есептен шығарылды

«Алдағы уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын төлеуді жеңілдету көзделіп отыр. Осы мақсатта «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы арқылы салық элементтерін өзгертпестен осы салықтарды (жер мен мүлік) біріктіру ұсынылуда», - деді Дәулет Жарылғасынов.

Оның айтуынша, бұл жағдайда жер мен мүлікке салынатын салық жеке-жеке есептеледі. Ал салық төлеушіге бір сомамен төлеу ұсынылады.

«Сол секілді, заң жобасында көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері бойынша жер салығын алып тастау да қарастырылған», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дәулет Жарылғасынов 2020 жылдан бастап көлік салығы әр жылдың сәуір айына дейін төленетінін мәлім еткен болатын. Яғни, көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімін 31 желтоқсаннан 1 сәуірге ауыстыру қарастырылуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT