Елімізде жеңіл өнеркәсіптегі өнім көлемі өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 16,7 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тоқыма бұйымдарының нақты көлем индексі (НКИ) 120,5% – ті, киім – 108,4% - ті, былғары және оған қатысты өнімдер-97,2% - ті құрады. Мақта талшығы, дайын тоқыма бұйымдары, сыртқы киім өндірісін ұлғайту есебінен тоқыма бұйымдары мен киім өндірісінде өсу байқалады. Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде аяқ киім өндірісі көлемінің төмендеуі есебінен құлдырау байқалады», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.

Жалпы, қазақстандық өндірушілер бұрынғысынша қорғаныс саласындағы тапсырыс пен арнайы киімдер нарығы аясында өнім өткізуге тырысады. Себебі олар өндірушілерге тауарларын кепілді сатуды қамтамасыз етеді.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері бойынша Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру ауқымында 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді.

Тұтастай алғанда, жол картасымен жүйелік проблемаларды шешуді қамтитын және өндіріс көлемінің өсуіне бағытталған 50-ден астам іс-шараны іске асыру көзделген. Сонымен қатар, аталған салаларда озық технологияларды қолдана отырып, жобаларды іске асыруға инвестициялар тарту бойынша қадамдар жоспарланған. 2019 жылы жалпы инвестиция сомасы 5 млрд теңгеге 4 жаңа жобаны іске қосу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар