Елімізде жекешелендірілуі тиіс 227 нысан сатылған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендіру кешенді жоспары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 нысанды сату көзделген. Биылғы 4 айда жалпы саны 670 нысаннан сомасы 61 млрд теңгеге 227 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Е. Жамаубаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 40 нысан сатылуға қойылды, 36 нысан қайта ұйымдастырылды және таратылды.

162 нысан сату алдындағы дайындықта тұрса, 205 нысан бойынша талдау жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Қаржы министрі жыл басынан бері республикалық бюджеттен 5,6 трлн теңге жұмсалғанын және 8 млрд теңге үнемделгенін айтқан еді.

Сондай-ақ биылғы 4 айда мемлекеттік бюджетке 5 трлн 93 млрд теңге кіріс түскен және жоспар 108,6%-ке орындалған.


Соңғы жаңалықтар