Елімізде жастардың бизнес-бастамаларын қолдауға арналған тың жоба таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жас қазақстандықтардың бизнес-бастамаларын қолдауға арналған «Негізін қалаушылар» (Основатели) атты жаңа жобаны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнес - ол кез келген экономиканың негізі. Дәл осы бизнес адамдардың бақуаттылығын қамтамасыз етеді. Ал кәсіпкерлер орташа кластың негізін қалайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда бизнесті қолдау бағытында үлкен күш жұмсалып жатыр. Бұл шаруаға біздің жаңа жобамыз - «Негізін қалаушылар» да (Основатели) көмектесер деген сенімдеміз», - дейді министр «Osnovateli kz» атты Ютубтегі арнада.

Дәурен Абаевтың айтуынша, мұндағы мақсат - жас қазақстандықтардың бизнес-бастамаларын қолдау болып табылады.

«Жобаға 18-25 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Басты талап - креативті идея және оны іске асыруда ерік-жігердің болуы. Жоба инновация мен дамуға бейім, табысты мақсат тұтқан қазақстандықтар үшін жақсы старт алаң болады», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар