+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Елімізде жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленеді

2020 жылғы 29 маусым 12:11
Бөлісіңіз:
Елімізде жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленіп, жастар саясаты саласындағы заңнама жетілдіріледі. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті Саясат Нұрбек өскелең ұрпаққа қажет бес дағдыны атады СҚО-да күзде 500-ден астам адам әскер қатарына шақырылады

«Өздеріңіз білетіндей, былтыр Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялауымен «Жастар жылы» өткен болатын. Жалпы «Жастар жылы» шеңберінде бүкіл ел бойынша 300 ресупбликалық шара өтіп, оған 2 миллионнан астам жас, ал арнайы шараларға 800 мыңға тарта адам тартылды. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға, соның ішінде жас отбасыларға 3 мың жалдамалы пәтер берілді. Жалпы бұл бағытта жастарға барлығы 9 мың пәтер беру жоспарланған», - деді Аида Балаева ОКҚ алаңы арқылы халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 5 мың адам мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанған. Сонымен қатар, 10 мың жас кәсіпкер шағын несие беру арқылы өз өндірісін кеңейткен. Оның көп бөлігі ауыл жастарына беріліп отыр. «Жасыл ел» жобасымен 2019 жылы 20 мыңнан астам адам қамтылған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін өсті. Жас ғалымдардың фундаменталды және қолданбалы зерттеулеріне бағытталған гранттық қаржыландыру 2020 жылдан бастап 3 жылдың ішінде 3 миллиард теңгеге ұлғаяды. «Студенттік әлеуметтік несие» жүйесін енгізу арқылы волонтерлік қызметпен айналысатын Жоғары оқу орындарының студенттеріне стипендия 30%-ға өсті. Жастар жылы жастарды қолдау үшін көптеген шара қабылданды. Ең бастысы, жастар саясаты аясында одан әрі жүйелі шараларды әзірлеуге серпін берілді», - деді Аида Балаева.

Министр биыл Қазақстанда жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленетінін жеткізді. Сонымен қатар елімізде жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша амал-әдістер қолға алынатынын мәлім етті.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы «QazExpoCongress» павильонында «ArtHUB» жастар бастамасын қолдау орталығын құру көзделген. Бұл алаң арқылы креативті және шығармашыл жастар өзінің идеясын батыл жүзеге асыра алады. Дәл сол жерде жастар ұйымдары мен волонтерлардың фронт-кеңселері шоғырланады», - деді ол.

Аян Бекенұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT