Елімізде жастарды ғылымға тартуға қажетті жағдайлар жасалуда - Аида Балаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан жастарын ғылымға тарту үшін қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Бұл туралы елордада Тұрақты даму және инновациялар бойынша екінші Орталық Азия форумында ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А. Балаеваның атап өтуінше, бүгінгі шара Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында өтіп жатқаны символдық мәнге ие. Бұл өз кезегінде қазақстандық ғылымды дамытуға сапалы тың серпін беруде маңызды кезең болады.

«Еліміз басшылығының саясаты арқасында бүгінде Қазақстанда жастарды ғылымға тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Ғылымды дамыту - жаһандық әлемде Қазақстанның бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы ретінде мойындалады. Елбасы тапсырмасы бойынша жыл сайын жас ғалымдардың зерттеулерін жүзеге асыруға үш миллиард теңгеден қосымша квота бөлінетін болады», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, форум ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жас ғалымдардың, Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығының, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.

Форум мақсаты - идеялар мен жобаларды ілгерілету үшін жас ғалымдарды біріктіру, әлеуетті инвесторлармен және серіктестермен байланыстарды орнату.

Соңғы жаңалықтар