Елімізде жастар басшылық жасайтын қанша компания бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылдың 1 қазанында елімізде жасы 29-ға толмаған жастар 100 пайыз иелік ететін жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 34,2 мыңға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Finprom.kz мәліметінше, өңірлер арасында жастар басшылық жасайтын заңды тұлғалардың басым бөлігі еліміздің ірі қалаларында орналасқан.

Мәселен, Алматыда 9,2 мың, Астанада 7,8 мың және Шымкент қаласында 2,8 мың компания бар.

Ал ең азы жаңадан құрылған Ұлытау (169), Абай (375) және Жетісу (410) облыстарында тіркелген.

Компаниялардың басым бөлігі көтерме және бөлшек сауда, көлік жөндеу салаларында қызмет көрсетеді: 12,2 кәсіпорын.

Одан кейін құрылыс саласы (5,5 мың компания), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (2 мың) тұр.

Жастар басшылық жасайтын компаниялар мемлекеттік басқару және қорғаныс, жылу және электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, қалдықтарды жою салаларында өте аз.


Соңғы жаңалықтар