+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Елімізде жасанды вентиляция аппараты жеткілікті ме

2020 жылғы 30 наурыз 21:21
Бөлісіңіз:
Елімізде жасанды вентиляция аппараты жеткілікті ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Болжам бойынша, елімізде 3500 коронавирус дертін жұқтырған науқас болса, оның 5%-ының ғана жағдайы күрделі болуы мүмкін. Бұл туралы елдегі коронавирус инфекциясы жағдайы жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мониторинг жасап отырмыз. Қазіргі күнде 3000-ға жуық аппарат бар. Ол жедел жәрдем көліктерінде, аудандық ауруханаларда және үлкен медициналық ұйымдарда жеткілікті деңгейде бар. Бұл - тез тозатын жабдық, сол себепті ел бойынша қажеттілік бар. Жылдың басында ел бойынша 927 аппарат болған, бірақ қазіргі жағдайда инфекциялық ауруханаларға 167 аппарат қойылған. Қазір басқа ауруханалардан 70 аппарат жеткізуге дайын отырмыз» , - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ол бұл аппаратты сатып алу қажет екенін айтты.

«Дүние жүзінде осындай мәселе көтерілді. Өткен аптада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 270 аппарат сатып алу бойынша тендер өткізіп, келісімшартқа қол қойды. Ол аппарат сәуір айында келеді. Сонымен барлық инфекциялық және басқа да ауруханаларда бұл аппарат жеткілікті болады. Осыған қосымша отандық мобильдік 180 аппарат келеді. Демеушілер көмектесіп, бізге беріп жатыр. Қазіргі уақытта кейбір отандық өндірушілер төртенше жағдайға байланысты бізге көмек көрсетіп, өндірісін тездетіп көбейтіп жатыр. Болжам бойынша, 3500 коронавирус дертін жұқтырған науқас болса, оның 5%-ының ғана жағдайы күрделі болуы мүмкін. Осы науқастарға қажетті аппарат саны жеткілікті», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT