Елімізде жас ғалымдардың саны 1 мың адамға артты

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жас ғалымдардың саны 1 мың адамға артты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, соңғы 3 жылда ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 70 пайызға артты. Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмыс форматы өзгертілді. Олардың құрамы ғалымдардың объективті ғылыми өлшемдері негізінде 85 пайызға жаңартылды. Кеңестердің отырысы онлайн режимде өтеді, олардың шешімдерін аппеляцияға беру институты енгізілді», - деді ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, жас ғалымдарды кешенді қолдау күшейтілді. Докторант бағдарламасы бойынша білім алу үшін гранттар саны кезең-кезеңімен артып келеді, докторанттардың шәкіртақысы ұлғайды. Посдокторанттарға арнаулы шәкіртақы енгізілді.

«Қорытындысында елдегі жас ғалымдардң аясы соңғы 2 жылдың ішінде 1 мыңнан астам адамға кеңейді. Әлемдік ғылыми орталықтарда ғалымдардың біліктілігін арттыру мақсатында тағлымдамадан өтуге гранттар бөлінеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар