Елімізде жануарларға екпе салу көрсеткіші қай деңгейде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев жануарларды вакциналау көрсеткіші жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикамыздың аумағында таралу қаупі жоғары жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне аурулардың 68 түрі енгізілген, олардың 45 түрі бойынша Қазақстан қолайлы эпизоотиялық жағдайға ие, ал 23 түрі бойынша диагностика және вакцинация бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп келеді. Республика аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық мақсатта вакцинация жүргізіледі», - деді Б. Абызбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жануарлардың аса қауіпті ауруларының ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылға 154 млн-нан астам жануарды, соның ішінде құстарды 22 ауруға вакциналау бойынша манипуляциялар жоспарланған. Вакцинациялық іс-шараларды жүргізу мақсатында 7,2 млрд теңге бөлінді.

«Бүгінгі күні 138 млн вакцинациялық іс-шаралар жүргізілді немесе 2021 жылдағы жалпы жоспардың 90% көрсеткішін құрады. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы диагностикалық зерттеулер жүргізуді «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК жүзеге асырады. 2021 жылы жануарлардың аса қауіпті 27 ауруы бойынша 70,3 млн диагностикалық зерттеу жүргізу жоспарланған. 2021 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, республика бойынша 9 айда 52,5 млн диагностикалық зерттеу жүргізілді немесе жылдық жоспардың 75 пайызы», - деді Б. Абызбаев.


Соңғы жаңалықтар