+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары әзірленеді

2019 жылғы 29 қазан 17:56
Бөлісіңіз:
Елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңартылатын энергетика көздері - инвестициялық тартымдылығы жоғары салалардың бірі болып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңартылатын энергетиканы дамытудың алғашқы нәтижелері қандай Жаңартылатын энергия: Мұнай компаниялары алғашқы жобаларын іске қосады Ақтаудағы мектепте күн электр стансасы іске қосылды

«Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеге сәйкес, баламалы энергия көздерін дамыту - бұл инвестицияларды тарту және экологияны жақсарту бойынша маңызды тренд саналады. Соңғы 10 жылда жаңартылатын энергия көздерінің әлемдік қуаты 4 есе 414-тен 1 650 ГВт-ға дейін ұлғайды. Ал осы кезеңдегі жаһандық инвестициялар 2,6 трлн долларға жететін болады. Қазақстанда осы жылдың соңына қарай қуаты 1 042 Мвт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 82 нысаны жұмыс істейді. Инвестиция көлемі 406 млрд теңгені құрады. Біз әлемдік қауымдастықпен бірге қадам жасауымыз керек», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, жаңартылатын энергетика көздері – инвестициялық тартымдылығы жоғары салалардың бірі болып саналады. Осыған орай еліміз белгілеген қуаты шамамен 3000 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері жобаларын сату үшін халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізген. Оған әлемнің 12 елінен 138 компания қатысты.

«Энергетика, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері мен «KEGOC» компаниясы назар аударуы тиіс бірқатар мәселені атап өткім келеді. Қазіргі таңда жел және күн электр энергиясының бағасы төмендеуде. Жаңартылатын энергия көздерінің дамуын ынталандыру және олардың тиімді қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеуді тапсырамын. Жалпы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру кезінде инвестиция тартымдылығын арттыру үшін Энергетика министрлігіне халықаралық тәжірибені ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді тапсырамын « , - деді Премьер-Министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT