Елімізде жаңа жыл қарсаңында 363 сәби дүниеге келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған күні өмірге 363 сәби келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының хабарлауынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған күні елімізде 363 сәби жарық дүние есігін ашты.

«363 сәбидің 185-і – ұл бала болса, 177-і – қыз бала. Сәбилердің өмірге келуі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл облыста 59 сәби дүниеге келген», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 1 қаңтардың сағат 12:00-дегі дерегіне сәйкес елордада 32 бала дүние есігін ашқан.


Соңғы жаңалықтар