Елімізде жаңа кәсіби мереке – Малшылар күні атап өтілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет Қаулысымен елімізде Малшылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы осы мәселеге арналған. Құжат бойынша «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізіліп, маусым айының екінші жексенбісі Малшылар күні болып бекітілді.

«Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», - делінген Премьер-Министр Асқар Маминнің қолы қойылған құжатта.


Соңғы жаңалықтар