+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Елімізде жаңа IT эко-жүйе құрылады

2021 жылғы 16 қыркүйек 00:51
Бөлісіңіз:
Елімізде жаңа IT эко-жүйе құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жаңа IT жүйе, алаң құрылмақ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Біз GovTech деген жаңа эко-жүйе, платформа құрамыз. Ол жерге кез келген бағдарламашы кіріп, өз жобасын жүктеп, ұсына алады. Ол үшін арнайы өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл отандық IT мамандарына беріліп отырған жаңа мүмкіндік. Яғни өз идеясы мен мүмкіндігін портал арқылы ұсына алады. Сол арқылы бағдарламашы пайда тапса, ал мемлекеттік қызмет жүйесі жетіле түседі. Бұны отандық IT саласындағы еркіндік деп түсіну керек. Бұл дегеніміз әрбір қазақстандық азамат ауылда, қалада жүрседе мемлекеттік қызмет пен IT саласына өз үлесін қоса алады дегенді білдіреді», - деді Бағдат Мусин «Ашық алаң» телебағдарламасы эфирінде.

Министрдің айтуынша, бүгінде отандық IT мамандардың әлеуеті зор, мүмкіндігі мол.

«Мен министр ретінде жай отырған жоқпын, мен жалпы жағдайды түсінем және білем. Біз өзіндік IT инфрақұрылым құрамыз және оны басқарып, меңгере аламыз. Біздің қойылып отырған міндет, білім мен біліктілігімізді жетілдіріп, дамыту», - дейді ол.

Бұған дейін министр EGOV мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі сатылады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берген еді.

Одан бөлек, Б. Мусин өткен жылы көпшілікті мазалаған 42 500 теңге мемлекеттік қолдау аясындағы дау-дамайдың салдары мен астарын түсіндіріп өтті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT