Елімізде жаңа ғылыми мектептер қалыптасады – БҒМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда ғылыми жұмыстардың 56%-ын жоғары оқу орындары жүзеге асыруда. Бұл туралы ҚР БҒМ алқа отырысы шеңберіндегі «Қазақстан ғылымын дамытудың өзекті мәселелері» секциясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олардың басым көпшілігі ҚазҰУ, ЕҰУ, ҚазҰТЗУ, Назарбаев Университетінде, Қазақ агротехникалық университетінде, ҚазҰПУ-да шоғырланған. Жыл соңына дейін конкурстық негізде үздік ЖОО іріктелетін болады. Олардың базасында министрліктің қаржылық қолдауымен «Академиялық басымдықтар орталығы» құрылады», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, мұндай орталықтардың негізгі міндеті – жаңа ғылыми мектептерді қалыптастыру және әлемдегі өз зерттеулерін ілгерілету арқылы жаңагенерацияны зерттеушілерді даярлау.

«Нәтижесінде мұндай жоғары оқу орындары QS және Times Higher Education рейтингтерінде лайықты орын алуы тиіс. Сондай-ақ, докторанттарға оқу аяқталғаннан кейін министрлік тарапынан төлемсіз тағы бір жыл беру жоспарланып отыр. Оның ішінде оқуды жалғастыруға және санкциясыз қорғауға шығуға рұқсат етіледі», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар