Елімізде жаңа автокөліктер саудасы 25 пайыз өскен

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Energyprom.kz-тің жазуынша, бір жылдың ішінде елдегі жаңа автокөлік саудасы 25 пайыз өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдегі автомобиль нарығы құлдыраудан өрлеуге түбегейлі бет түзеді. Тамыз айында 6,9 миллион жаңа автомобиль сатылды. Бұл былтырғы тамыз айымен салыстырғанда 18% көп. Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымыөткен жылдың тамызымен салыстырғанда бірден 25,4% өсіп, 11,4 мың данаға жетті», - деп жазады аналитикалық ресурс.

Energyprom.kz келтірген статистикаға қарап, Қазақстанның көлік нарығынан ресейлік өндірістің уақытша болса да ығысқанын байқауға болады.

Сегіз айда Қазақстандағы жаңа көліктер сатылымы 75 мыңға жетті.

Бұл былтырғыдан жылдан 1,5% аз. Тамыз айында елде 3,9 мың Chevrolet, 2,2 мың Hyundai, 1,5 мың Kia, 998 Toyota, 592 Lada брендінің көлігі сатылған.

«Қаңтар-тамыз айларында сатылған жаңа автомобильдердің 51,1% Chevrolet пен Hyundai-дың үлесіне тиесілі болды. Chevrolet маркалы 20,5 мың автомобиль сатылды. Ал Hyundai-дың сатылымы 12,6% өсіп, 17,8 мыңға жетті», - деп жазады Energyprom.kz.


Соңғы жаңалықтар