Елімізде зергерлік бұйымдар мен сағаттар бір жылда 35% қымбаттаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың маусым айында Қазақстанда зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы 1,8%, ал бір жылда 35,3% қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде алтын неке сақиналары жылына 38,9%, қол сағаттары 15,2% қымбаттады.

Өңірлік бөліністе зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өскен - бір жылда 61%. Қымбат бағалар «үштігінде» Алматы облысы (жылына 60,6%) және Нұр-Сұлтан (жылына 52,5%) қаласы бар.

Биылғы қаңтар–мамыр айларында зергерлік бұйымдар өндірісі 478,4 млн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 451,3 млн теңге болған еді. Өңірлік бөліністе өндірістің ең үлкен көлемі Алматыда (43,3% немесе 207,3 млн теңге) шоғырланған. Алғашқы үштік қатарында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы бар.

Жалпы, 2021 жылы сектордағы өндіріс 1,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылға қарағанда екі есе көп.


Фото:mg.youm7.com

Соңғы жаңалықтар