Елімізде заңды деп танылатын цифрлық активтердің тізбесі бекітілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Қазақстанда заңды деп танылатын цифрлық активтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа сәйкес, енді ел аумағында мына талаптарға сай келетін цифрлық активтер заңды деп танылады:

- қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаға шығарылатын активтің жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) негізделген материалдық, зияткерлік қызметтер мен активтерге куәландырылған құқығы бар цифрлық актив.

- қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаға шығарылатын цифрлық активтің өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер туындыларына, зияткерлік қызметтің өзге де меншігіне немесе зияткерлік меншік құқығын растауға дәрежесіне болған цифрлық актив.

Қоса кетейік, бұған дейін елордада цифрлық активтерді айырбастау саласында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандардың ұсталғанын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар