Елімізде World Cleanup Day экологиялық акциясы ұйымдастырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қыркүйекте World Сleanup Day акциясы ұйымдастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында экобелсенділер слеті секілді бірқатар іс-шаралар өткізілді. Онда эко-амбассадорлар анықталды. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасы бойынша заңсыз қоқысты жою жұмысы жүргізілді», - деді министр.

Оның айтуынша, нәтижесінде 7,6 мың заңсыз қоқыстың 5 мыңнан астамы жойылды. Бұл жұмыстар «Бірге Таза Қазақстан» акциясы аясында жалғасады.

«Мысалы 19 қыркүйекте «World Сleanup Day» акциясын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Әкімдіктерден бізді қолдауды сұраймыз. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғатқа залал келтіргені үшін заңнама күшейтілетін болды», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар