Елімізде вакцина салынуы тиіс халықтың 55 пайызы екпе алды – Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 5 млн астам халық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 9,4 млн доза вакцина қолданылған. Оның бірінші компонентін 5 480 094 адам салғызды, бұл вакцина алуы тиіс халықтың 55,4 пайызын құрайды. Екінші компонентімен 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8 пайызы қамтылды», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрлік тағы 4 млн халық үшін қосымша 8 млн доза жеткізуге келісімдер орнатты. Жеткізу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіледі.

«Осыған байланысты республикада вакциналауға қолжетімділік жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген», - дейді А. Цой.

Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта тұр.

Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта.

3 тамыздағы жағдай бойынша, республикадағы инфекциялық төсек-орынның 56 пайызында, реанимациялық төсек-орынның 44 пайызында науқастар жатыр.


Соңғы жаңалықтар