Елімізде ұзақ жасайтын адамдарға мемлекет тарапынан құрмет жасалуы керек

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде ұзақ жасайтын адамдарға мемлекет тарапынан жасалатын құрмет керек.

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Берік Бекжанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында ағымдағы жылдың қараша айында 120  жасқа толатын Сейдазимова Алтынай  әжеміз бар. Ұзақ жасаған кейуана  қылышынан қан тамған ақ патшаның заманын, кеңестік қызыл империяны, туған елінің көк туы желбіреген тәуелсіз Қазақстанды көріп, үш дәуірдің тірі куәсіне айналған адам. Жалпы, Жапонияның бір тұрғыны 115 жасында әлемнің ұзақ жасаған тұрғыны ретінде Гиннестің рекордтар  кітабына еніпті. Одан кейін Үндістанның да бір тұрғыны 125 жасқа жетуіне байланысты рекордтар кітабына ұсынылған. Ағылшынның Генри атты 113 жасында қайтыс болған тұрғынына аса құрмет көрсетілген. Ал үш ашаршылықты бастан кешірген қазақстандық кейуанадан тараған ұрпақ саны 316-ға жетіпті», деді депутат.

Осыған орай, Б. Бекжанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен ұзақ жасайтын қарттарға тиісті құрмет көрсету шараларын қолға алуды сұрады. «Алтынай әже ешқандай материалдық көмекке зәру еместігін айтады. Дегенмен, бұндай жандарға мемлекет тарапынан үлкен құрмет керек», деді Б. Бекжанов.  

Соңғы жаңалықтар