Елімізде үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Түнде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.

2 қарашада түнде Көкшетау қаласында тұман түседі, көктайғақ болады.

2 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар