Елімізде ұлттар арасында татулық, қоғамда тұрақтылық сақталып отыр

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында Қазақстанда сан ұлт өкілдері арасында татулық, қоғамда тұрақтылық сақталып отыр. Бұл туралы Оралдағы Достық үйінде «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі өткізген дөңгелек үстел отырысында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірлестік төрағасы Данильбек Саратовтың айтуынша, ұлтаралық келісімді сақтауға барлық қоғам мүшелері үлес қосуы тиіс. Өңірде 1400-ден астам шешен ұлты өкілдері өмір сүруде. Қаладағы кәсіби және жоғары оқу орындарында 25 студент білім алуда. Өз жерінен жырақ жүрген өзге ұлт өкілдеріне қазақ елі қамқоршы болып келеді.

Шара барысында аталмыш бірлестік ақсақалы Мұхтар Боқаевқа 70 жасқа толуына орай алғысхат тапсырылды. М.Боқаев қазақ тілін жақсы біледі, әрі осы тілде шығармашылықпен айналысады.

Соңғы жаңалықтар