Елімізде тұтас сайлау жүйесі өзгеріп жатыр - Айдос Сарым

None
Бұрын аудандық мәслихат, қалалық мәслихаттар партиялық тізіммен сайланатын болса, алдағы сайлауда олардың барлығы жекелеген азаматтардың сайлауға түсуін қамтамасыз етеді.

Бұрын аудандық мәслихат, қалалық мәслихаттар партиялық тізіммен сайланатын болса, алдағы сайлауда олардың барлығы жекелеген азаматтардың сайлауға түсуін қамтамасыз етеді. Яғни партиялар емес, жеке тұлғалар өз ауданының, өз қаласының мәслихатына округ бойынша сайлауға түседі. Ал сайлаушылар өзінің депутатының кім екенін жақсы білетін болады. Кеше Парламентте бірінші оқылымда қабылданған заңға назар аударсаңыз, ішінде «Императивті мандат» ұғымы пайда болды. Демек депутат өз сайлаушылары алдында тікелей жауап береді, сайлаушылардың сол депутатқа көңілі толмаса, сайлаушылармен араласпай кетсе, оны қайта шақыру мүмкіндігі заңда қарастырылған.

Сонымен бірге облыстар мен үш мегаполистің мәслихаттары Мәжіліс сияқты аралас жолмен сайланады. Олардың белгілі бір бөлігі партиялық тізіммен сайланады, осыған қарап облыс халқының қандай партияларды қалайтынын түсінуге болады.

Саяси партияларға тіркелмеген, халықтың арасынан шыққан азаматтар да билік ісіне араласуға мүмкіндік алады. Сондықтан биыл облыс және мегаполис әкімдерінен басқа әкімдердің 99 пайызы сайланады. Бұл билікті халыққа жақындатады, жергілікті биліктің, жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің болмысы мен табиғатын өзгертеді. Кей облыс немесе мегаполис әкімдері қазіргідей «жергілікті құдай» болмайды. Оның астындағы бүкіл билік тармағы сайланған, яғни сайлаушылардың үмітін, ойын, бағдарламасын іске асырушы болады. Яғни, облыс әкімінің немесе мегаполис әкімінің функционалы өзгереді, ол негізінен Президенттің немесе Үкіметтің жергілікті жердегі өкілі, республикалық заңнаманы іске асырушы, қадағалаушы және республикалық бюджеттен келетін субсидияларды, бағдарламаларды орындаушы, соны үйлестіруші болады.

Жер мәселесін алып қарасақ, көптеген жағдайда жергілікті жерлерді жекешелендіруге көмектескендер – аудан әкімдері. Ал ауыл әкімдерінің шабындық жерлердің картасын жасауға, игерлімей жатқан жерлерді қайтаруға құлқы жоқ. Өйткені ешкім басшысымен тайталасқа түскісі келмейді. Сондықтан саясаттанушы елге әкім мен бюджетті қадағалайтын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асрыруды талап ететін, күшті, ықпалды мәслихаттар қажет.


Соңғы жаңалықтар