Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін ең ауыр жаза қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам өлтіргені үшін – 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық қылмыстарының ауқымы кең: аса ауыр емес қылмыс пен зардап шегушіні өлтіруге дейін барады. Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ең жеңіл жаза – екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу. Адам өлтіргені үшін – 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Егер қылмыс аса қатігездікпен жасалған болса өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Ерден Шүлден 2021 жылдың үш айында республика бойынша 68 697 ғана қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде отбасылық-тұрмыстық салада - 203 қылмыстық құқық бұзушылық орын алған.


Соңғы жаңалықтар