Елімізде түрмеде отырған 33 мың адамның 20 пайызы кісі өлтіргені үшін сотталған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы 80 қылмыстық атқару мекемесінде 33 мың сотталушы қамауда отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы Бибігүл Мұңайтпасова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің қылмыстық атқару жүйесінде 80 мекеме бар. Оның 64-і бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазасын атқарушыларға арналса, 16-сы – тергеу изоляторы», - дейді комитет өкілі министрліктің ақпарат алаңында.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы қамауда отырғандардың санаты мен құрамына да тоқталды.

«Бұл мемекелерде 33 мың адам қамауда отыр. Бұлардың 4700-і – тергеуге алынғандар. Сотталғандардың негізгі бөлігі, яғни, 94 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Санат бойынша айтсақ, 47 пайыздайы бұрын да сотталған. 20 пайызға жуығы кісі өлтіргені үшін, 12,5 пайызы тонаумен айналысқаны үшін, 11,5 пайызы есірткі сатқаны үшін сотталған. Қылмыстардың 13,8 пайызы жыныстық қол сұқпаушылыққа қарсы тіркелген. Оның ішінде 7 пайызы кәмәлетке толмағандар және өзгелерге қатысты жасалған», - деді Бибігүл Мұңайтпасова.


Соңғы жаңалықтар