Елімізде тұңғыш рет Қошқар чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талдықорған қаласында тұңғыш рет Қошқар чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Чемпионатты «Ең тұқымды қошқар», «Ең бойшаң әрі ең салмақты қошқар» секілді бірнеше дәреже негізінде өткіземіз. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы ең білікті ғалымдар төрелік ететін болады. Қошқардың түр-сипатына байланысты баға беріледі. Елімізде ұсақ мал тұқымдарын араластырып, ірі қой-қошқарларды асырап отырған малшылар бар. Әу баста чемпионатты облыстық деңгейде өткіземіз деген едік. Алайда, чемпионаттың өткізілетінін естіген халық Қазақстанның түкпір-түкпірінен бізге қоңырау шалып, сайысқа Шопан ата түліктерін қатыстыратындарын айтты. Жүлде қоры - 300 мың теңге», - дейді чемпионатты ұйымдастырушы, «Қойлық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының үйлестірушісі Мақсат Кеңесов.

Чемпионат 26 қыркүйек күні Талдықорған қаласының «Ерасыл» этно-ауылында, сағат 14:00-де басталады. Бірегей сайыстың өткізілуіне Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП және Agro-holding «Qazyna» қолдау көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар