Елімізде тұмауға қарсы екпе жұмыстары осы аптада аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 15 қыркүйектен бастап бүгінге дейін 1,8 млн адамға тұмауға қарсы вакцина салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде маусымдық инфекциялардың қарқыны мен коронавирус инфекциясының жаңа толқынын басу үшін 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы мақсатты топтарға екпе жүргізіліп жатыр. Ол үшін тұмауға қарсы 2,2 млн вакцина сатылып алынды. Бұл – жалпы халықтың 11 пайызын екпе жұмыстарымен қамтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта 1,8 млн адам вакцинадан өтті. Осы аптаның соңында вакцина жұмыстары толығымен аяқталады», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Алексей Цой коронавирус жұқтыру деңгейі қайта өршіген әлем елдерін атаған болатын.



Соңғы жаңалықтар