Елімізде туберкулезбен ауыратындардың жартысынан астамы - еңбекке қабілетті жастар

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Шымкентте туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты болды. Дегенмен 14 жасқа дейінгі балалар арасында 7 жағдайға және жасөспірімдер арасында 10 жағдайға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, биылғы екі айда қалада туберкулездің 40 жағдайы тіркеліп, ауру көрсеткіші 26 (40%) жағдайға, оның ішінде өкпе туберкулезі өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 18 жағдайға төмендеген.

Ауру 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында тіркелмеді.

Туберкулез инфекциясы (95%) аурудың белсенді түрімен ауыратын науқастардан ауа тамшылары арқылы жұғады.

Туберкулездің белгілері: 2 аптадан астам жөтел, дене қызуының көтерілуі, кеудедегі ауырсыну және қысылу, дене салмағын және тәбет жоғалту, түнгі уақытта терлеу, әлсіздік және қатты шаршау. Ең алдымен өкпе зақымданады, басқа да органдардың зақымдануы ықтимал.

Алдын алу және диагностикалық мақсатта ересектер мен балалар арасында туберкулезді ерте анықтау үшін флюорографиялық зерттеулер мен манту сынамасы жүргізіледі.

Науқасты кеш анықтаған кезде туберкулездің бациллярлы немесе асқынған түрі қоғам үшін өте қауіпті болуы мүмкін.

Уақтылы емделмеген жағдайда туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастар жылына 10-нан 15 адамға дейін ауруды жұқтыруы ықтимал.

Науқастардың 54% - еңбекке қабілетті 18-44 жас аралығындағы адамдар.

Туберкулез таяқшасы қоршаған ортада, әсіресе қақырық пен топырақта едәуір ұзақ уақыт сақталады.

Аурудың белгілері пайда болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша немесе оқу орны бойынша медициналық мекемеге уақтылы жүгіну қажет.

Туберкулездің алдын алудың ең тиімді және баламасыз әдісі – вакцинация.

ҚР Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес барлық екпелер тегін, егілетін ересек адамның немесе баланың ата-анасы және/немесе заңды қамқоршысы ерікті түрде жазбаша берген келісімімен, арнайы оқып-дайындалған және рұқсаты бар медицина қызметкері адамның дені сау кезінде егеді.

Туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасы (Кальмет-Герен таяқшасы) ірі қара мал туберкулезінің таяқшасының әлсіреген тірі штамынан дайындалады. Ол жасанды ортада арнайы өсірілетіндіктен адамдар үшін қауіпсіз.

Соңғы жаңалықтар