Елімізде трофейлік аңшылықты дамыту ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев елімізде трофейлік аңшылықты дамыту бойынша ведомствоның ұсынысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетел турисі трофейлік аңшылыққа ерекше қызығушылық танытады. Алайда заңнамадағы кейбір проблемаларға байланысты трофейлік аңшылық мақсатындағы туризмді дамыту қарқын алмауда», - деді Ө. Бисақаев Парламент Мәжілісінде «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыра отырып.

Оның сөзіне қарағанда, әлемдік тәжірибе жылына туристік ағынды 30 пайызға дейін арттыру мүмкіндігі трофейлік аңшылыққа келетіндер есебінен болатынын көрсетіп отыр.

«Осыған байланысты трофейлік аңшылықты дамытудың маңызды шараларының бірі - фермерлік аңшылық шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті қолдау», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар