Елімізде төрт түлік мал саны өсіп, шошқа азайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде төрт үлік мал мен құстар саны өсіп, шошқа азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статисткалық бюроға сілтеме жасап.

Ұлттық бюро мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылға жалпы мал шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 2021 жылмен салыстырғанда 100,8%-ды құрады, мұндағы өсім мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты болды.

2021 жылмен салыстырғанда тірі салмақта мал мен құстың барлық түрлерін сою немесе сату көлемі 0,2%-ға, сүт өндіру – 1,9%-ға, жұмыртқа – 4,4%-ға өсті.

Жыл ішінде мал мен құс басы келесідей өзгерді (2023 жылғы 1 қаңтарда): жылқы саны – 10,5%-ға, түйе – 6,5%-ға, ірі қара – 4,2%-ға, қой мен ешкі – 4,4%-ға, құстар – 4%-ға өсті, шошқа саны 9,2%-ға азайды.

2022 жылға Бір сауын сиырдың орташа сүт өнімділігі 2021 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға, бір жұмыртқалайтын тауықтың орташа жұмыртқа өнімділігі 19,5%-ға өсті, шаруашылықта сойылған немесе союға сатылған бір бас ірі қараның орташа тірі салмағы 2021 жылғы деңгейде қалды.

Айта кету керек, мал шаруашылығы өнімдері, мал мен құс басының саны туралы деректер ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа немесе ферма қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, үй шаруашылықтары ұсынған әртүрлі кезеңдік статистикалық байқаулар негізінде, сондай-ақ үй шаруашылықтары деректері бойынша қалыптастырылады.


Соңғы жаңалықтар