Елімізде төрт облыстағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы күндері төрт облыстағы өзендерде су тасуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«5-7 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында және 6-7 маусымда Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты, беткейлерде су ағыны қалыптасып, тау өзендерінің деңгейі көтерілуі ықтимал», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар