Елімізде теңгемен депозит ашатындар саны өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ұлттық валютадағы депозиттердің өсімі 4,1 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 8 айында депозиттер 1 пайызға, яғни 17,7 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы депозиттердің өсімі 4,1 пайызды немесе 380 млрд теңгені құрады. Шетел валютасындағы депозиттер 2,5 пайызға, 210 млрд теңгеге төмендеді. Нәтижесінде, депозиттердің долларландыруы 46 пайызға азайды», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның атап өтуінше, 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша максималдық ставкалардың анықтау тәсілі өзгерді. Ставкалар мерзім және салым түрі бойынша ерекшеленеді.

Айта кетейік, жалпы отырыста  «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Биылғы жылы инфляция 5-7 пайыздық мақсатты дәлізде қалады. 

Сонымен қатар, жыл басынан бері валюта нарығында теңге бағамы 10,4 пайызға әлсірегені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар