Елімізде тағы 7 учаскеде жол ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты 18 учаскеде жол жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін 21 учаскеде жол ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазіргі уақытта онымен қоса тағы 7 учаскеде көлік жүруіне рұқсат берілді:

1. «Макинск-Ақсу-Торғай», 130-240 шақырымы (Бестөбе- Торғай)

2. «Өскемен -Шемонаиха- РФ шекарасы», 36-102 шақырымы (Предгорное- Шемонаиха)

3. «Жезқазған-Петропавл», 136-252 шақырымы (Ұлытау – Қостанай облысы)

4. «Қызылорда-Павлодар», 1066-1135 шақырымы (Молодежный – Павлодар облысы)

5. «Ульяновск-Керней-Үміткер-Баянауыл-Қалқаман», 231-324 шақырымы (Ботақара- Павлодар облысы)

6. «Жезқазған-Петропавл», 252-340 шақырымы (Қарағанды облысы – Арқалық)

7. «Ульяновск - Керней-Үміткер-Баянаул-Қалқаман», 0-231 шақырымы (Қалқаман-Қарағанды облысы).

Қазіргі уақытта ұзындығы 1983 шақырым болатын 18 учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылған. Бұл - еліміздегі республикалық маңызы бар жолдардың 7,9 пайызы.

Жалпы, жол қозғалысы 6 облыста уақытша тоқтатылған. Оның ішінде ең көбі - Ақмола облысына тиесілі. Көлік қозғалысына шектеу қойылған ең ұзын жол - «Екатеринбург - Алматы» тасжолы.

Республика жолдарында 793 арнайы техника жұмыс істеп жүр.

Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар