+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Жаңа қаулы: Қазақстанның тағы 4 әуежайында «Ashyq» жобасы енгізіледі

2021 жылғы 22 мамыр 15:19
Бөлісіңіз:
Жаңа қаулы: Қазақстанның тағы 4 әуежайында «Ashyq» жобасы енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Оған сәйкес, «Ashyq» жобасы енгізілетін кәсіпкерлік нысандары қатары артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған 636 адамның жағдайы ауыр – министрлік Өткен тәулікте 1954 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде мынадай кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» жобасын іске асыру жүзеге асырылады:

1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2. спа-орталықтары;

3. сауналар, бассейндер;

4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5. боулинг клубтары;

6. кинотеатрлар;

7. театрлар мен филармониялар;

8. асхана үлгісіндегі нысандар, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;

9. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

10. бильярд клубтары;

11. концерт залдары;

12. ерікті қатысушылар;

13. караоке;

14. көрмелер;

15. океанариум;

16. марафондар;

17. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

18. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;

19. Алматы қаласының әуежайы;

20. (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;

21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT