Елімізде табыс әкелетін тұмарға баланатын «Таға» монетасы шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк 4 наурыздан бастап «Таға» ескерткіш монеталарын айналымға шығарды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен номиналы 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монетасы таға тәріздес күрделі пішінде жасалған.

Тағаны үйге сәттілік, табыс, байлық әкелетін, әрі ең ежелгі және ең танымал тұмар деп санайтындар бар. Мұндай наным әлемнің түрлі елдерінде кеңінен тараған. Келетін бақ ағып кетпесін деп тағаның ұшын жоғары қаратады. Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31.1 g» деген жазу бар.

Монетаның жоғарғы бөлігінде стильдендірілген тағаның ұшында ҚР Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) алтын жалатылған таға бейнесі орнатылған, ортасында спираль орналасқан, оны айналдыра ағылшын тілінде

«FOR LUCK», мемлекеттік тілде «ІСКЕ СӘТ» және орыс тілінде «НА СЧАСТЬЕ» деген жазулар бар. Жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан берілген.

925 сынамалы күмістен дайындалған монетаның таралымы 6 мың дана.

Монеталарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет дүкен арқылы сатып алуға болады.
null null

Соңғы жаңалықтар