Елімізде сыртқы сауда айналымы 20 млрд доллардан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 1-тоқсандағы сыртқы сауда айналымы 20 млрд доллардан асты. Мұндай мәліметті ҚР ҰЭМ Статистика комитеті таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 20 361 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,7 пайызға азайды», - делінген таратылған ақпаратта.

Комитет мәліметінше, қаңтар-наурыздағы еліміздің экспорты 13 313,8 млн АҚШ доллары болған. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға кем. Импортта 2,7 пайызға азайып, 7 047,2 млн АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар