Елімізде студенттік жатақхана тапшылығын шешу үшін мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетпек

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде студент жатақханаларында орын тапшылығын шешу үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Бұл туралы «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникация департаментының директоры Айнұр Сағындықова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер мемлекетпен серіктестік аясында жатақхана ашуды жоспарлап отырған кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы айтты.

«Біріншіден, тұрақты табысқа кепілдік беру. Яғни, нысан пайдалануға берілген соң, мемлекет мемлекеттік тапсырысты орналастырады. Оның жыл сайынғы мөлшері құрылыс кезінде - 122 АЕК (Алматы қаласы үшін – 144 АЕК), реконструкциялау кезінде бір студентке 47 АЕК (Нұр-сұлтан, Алматы қалалары үшін - 92 АЕК) құрайды. Мемлекеттік тапсырыс 8 жыл мерзімге орналастырылады және төлемдер ай сайынғы негізде жүргізіледі.

Екіншіден, ай сайынғы тұру ақысы. Студенттер тарапынан тұру үшін жалдау ақысы мемлекеттік тапсырыс құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхана иесі реттейді және белгілі бір аймақтың тұрғын үй нарығының жағдайымен анықталады», - деді Айжан Сағындықова.

Ол сондай-ақ жатақханада коммерциялық алаңдарды құруға болатынын жеткізді.

«Жатақханаларда тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған коммерциялық алаңдарды құруға болады. Мысалы, асхана, буфет, тренажер залы, кір жуу бөлмесі және т.б. Олардың негізгі тұтынушылары сіздің тұрғындарыңыз болмақ.

Сондай-ақ, жатақхана құрылысы бойынша жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесін 6%-ға дейін төмендетумен банктік қарыздарды субсидиялау қарастырылған», - деді ол.

Спикер сонымен бірге егер қызығушылық танытқан кәсіпкерлер болса, жобаның промо сайты www.studdom.fincenter.kz-ке кіруге немесе жобаға шарттарымен толық танысу үшін Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығының call-орталығына (8-800-080-28-28) қоңырау шалуға болатынын, шартты алдын ала жасасу үшін қаржы орталығына өтініш беру қажеттігін айтты.


Фото: gadgetshelp.com




Соңғы жаңалықтар