Елімізде спорт жаттығуларын өткізуге рұқсат беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда спорттық жаттығулар мен мәдениет қызметкерлерінің дайындық жұмыстарына рұқсат беріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спорттық жаттығулар мен мәдениет қызметкерлерінің дайындық жұмыстарына рұқсат беріледі. Жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді. Онда барлық санитарлық талаптар сақталады», - деді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.

Сонымен бірге, Е. Тоғжанов кез келген бұқаралық шараға тыйым салынатынын атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы төтенше жағдай режимі тоқтағанын хабарлаған еді. Бірақ, елімізде карантин режимі әлі де сақталады.



Соңғы жаңалықтар