+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Елімізде сот орындаушыларына қатысты талаптар өзгереді

2020 жылғы 17 қаңтар 16:14
Бөлісіңіз:
Елімізде сот орындаушыларына қатысты талаптар өзгереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев Қазақстанда атқару өндірісінің көлемі қандай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есепті кезеңде (2019 жылы) алты жарым миллиард теңгеден астам сомада 4 миллионға тарта құжат жұмысқа болды. 2018 жылмен салыстырсақ, толық көлемде орындалған құжаттардың жалпы көрсеткіштері 36 пайызға артты», - деді вице-министр ведомствоның алқа мәжілісінде.

Оның атап өтінше, істі өндіріске алуды ары қарай жетілдіру мақсатында Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен заң жобасы аясында заңнамаға түзетулер даярланды.

«Бұл қадамдар сот орындаушыларының жауапкершілігін көтеруге, өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің бақылауын күшейтуге, сондай-ақ кейбір нормаларды айқындауға қатысты болады. Осы орайда жергілікті жерлерде сот орындаушылары жұмысының тиімділігін жақсартады және құжаттардың уақытылы орындалуын арттырады», - деді Алмат Мадалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алқа мәжілісінде проблемалық алименттер саны қаншаға азайғаны айтылды.

Айта кетейік, былтыр сот-сараптамаға 190 мыңнан астам материал келіп түсті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT