Елімізде соғыс оты шарпымаған әулет жоқ - Мәулен Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Баршаңызды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын! Бұл – өршіл рух пен өшпес ерліктің мерекесі. Жеңіс күні бекем бірліктің және ерен еңбектің жарқын символы саналады. Біз үшін айтулы мейрамның маңызы айрықша зор. Елімізде соғыс оты шарпымаған әулет жоқ. Қан майданға аттанған қазақстандықтардың жартысы елге оралмады. Сол кезеңде 500-ден астам отандасымыз Кеңес одағының батыры атанып, қайсарлық пен жанқиярлықтың озық үлгісін көрсетті. Тыл еңбеккерлері де Ұлы Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан біз әрдайым ардагерлерімізді ардақтап, Отан үшін опат болған ерлердің рухына тағзым етеміз», - деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасына.
Таяуда Мемлекет басшысы ардагерлердің, ең алдымен Екінші дүниежүзі соғысына қатысушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін жаңа заңға қол қойды.
«Бұл – бүгінгі бейбіт өмірімізге жол ашқан аға буынға көрсетілген ерекше құрмет. Біз әкелеріміз бен аталарымыздың жанкешті ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Қазіргідей күрделі кезеңде де ешбір ардагер елеусіз қалған жоқ. Мерекемен құттықтай отырып, майдангерлерімізге зор денсаулық және бақ-береке тілеймін», - деп түйіндеді сөзін Сенат спикері.
Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығын тойлап жатыр.
- ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
- Президент маңызды салаларда нақты мақсаттарды айқындады - Бақытжан Жұмағұлов
- Сапалы заңдар - ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты – сенатор Әлімжан Құртаев
- Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады
-
Жаңа құрамдағы Мәжіліс: Палатаның екі комитетін парламенттік оппозиция өкілдері басқарады
-
Мәулен Әшімбаев: Сенат Президент бастамаларын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге дайын
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам