+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Елімізде сиыр мен жылқы етінің бағасы қымбаттады

2018 жылғы 8 қазан 21:30
Бөлісіңіз:
Елімізде сиыр мен жылқы етінің бағасы қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ауыл шаруашылығы өнімдері 1,2 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 1,2, өсімдік шаруашылығы өнімі - 2,2 пайызға қымбаттады, ал мал шаруашылығы өнімі 0,7 пайызға арзандады», - делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәліметте.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қаңтар-қыркүйекте баға бидайға 4,4, сұлыға - 4,3, қара бидайға - 3,9, жүгеріге 3,4, күрішке - 2,9, арпаға - 0,8 пайызға өсіп, қарақұмыққа 9,3 пайызға төмендеді.

Қырыққабат 1,8, асханалық қызылша - 0,5 пайызға қымбаттады, ал картоп 8,3, басты пияз - 5,4, асханалық сәбіз - 5, ашық топырақтың қызанақтары - 4,9, ашық топырақтың қиярлары - 2,4 пайызға арзандады. Баға бақша дақылдарына 6,3, жүзімге - 5,8, күнбағыс тұқымына - 2,2 пайызға өсті, ал жеміс және жидектерге 9 пайызға арзандады.

Ірі қара мал еті 3,4, жылқы еті - 2,7, қой және шошқа еті - 1,7 пайызға қымбаттады, ал құс еті 9,5 пайыза арзандады. Баға жұмыртқаға 12,3 пайызға төмендеді, ал шикі сүтке 1,2, балға - 0,5 пайызға өсті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT