Елімізде шетелдік көлікті заңдастыру аясында 61 мың өтінім мақұлданды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек шетелдік автомобильдерді заңдастырудың статистикасын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде шетел көліктерін заңдастыру науқаны жалғасып жатыр. Қазіргі кезде 61 мың адамның өтінімі мақұлданды. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлерін алды. Заңдастыру шарасы 1 шілдеге дейін жалғасады», - деді Ш. Тұрлыбек министрліктің апталық брифингінде.

Айта кетейік, бір апта бұрын 36 мың адамның автомобильін заңдастыруға қатысты өтінімі мақұлданған болатын.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді.


Соңғы жаңалықтар