Елімізде сенімхаттарды онлайн алуға болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ел аумағында «Цифрлық нотариат» атты пилоттық жоба іске қосылды. Ендігі уақытта қазақстандықтар сенімхаттарды нотариусқа бармай-ақ онлайн рәсімдей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа цифрлық жобаны Әділет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп қолға алып отыр.

Министрлердің айтуынша, осыған дейін клиенттер сенімхатты рәсімдеу үшін құжатқа қол қойдырып, оны нотариусқа барып куәландыруы керек болса, енді аталған қызмет eGov mobile мобильді қосымшасында онлайн қолжетімді.

«Мемлекет басшысы eGov mobile мобильді қосымшасы базасында мемлекет, халық және бизнестің өзара іс-қимылы үшін тиісті цифрлық инфрақұрылымды құруды тапсырған болатын. Бүгінгі тұсауы кесіліп жатқан «Цифрлық нотариус» пилоттық жобасы сол бағыттағы жұмыстардың бірі. Қызмет алуда қазақстандықтардың өмірін жеңілдету бағытында пайдалы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

eGov mobile мобильді қосымшасында сенімхатты рәсімдеу нұсқаулығы:

- Алдымен өтінімді толтырып, оған электронды цифрлық қол қою қажет;

- Жеке басын растау үшін нотариус қызметкеріне бейнебақылау арқылы қоңырау шалу керек;

- Көрсетілген қызметтің ақысын төлеуі тиіс;

- Сандық құжаттар бөлімінде сенімхат дайын тұрады.


Соңғы жаңалықтар