Елімізде салынғанына 70 жылдан асқан 500-ден астам мектеп бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінде мектептерде 240 мың оқушы орны тапшы. Егер жаңа мектептер салынбаса 2025 жылға қарай 1,2 млн орын тапшылығы туындайды. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде пайдалануға берілгеніне 50-70 жылдан асқан 500-ден астам мектеп бар. Әрине, оларды ауыстыру керек. Сонымен қатар үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер де бар. Қазір еліміз бойынша 148 мектеп үш ауысымда жұмыс істеп тұр. Бұл бала туу көрсеткішінің артуымен байланысты. Яғни бала туу оң динамиканы көрсетіп отыр. Бүгінде мектептерде 240 мың оқушы орны тапшы. Егер осы жаңа мектептерді салу мәселесіндереу қолға алынбаса 2025 жылға қарай 1,2 млн орын тапшылығы туындайды. Бұл факт. Былтыр ел аумағында 247 мектеп салынып, 135 бала мектеп орнымен қамтылды», – деді Шолпан Каринова «Samruk-Kazyna Construction»-да өткен «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруды талқылау барысында.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, соңғы 20 жыл ішінде 1 мыңнан астам мектеп салынды.

«Президент сайлауалды бағдарламасында 1,5 млн оқушы орнымен қамтамасыз етуді тапсырды. Соның ішінде 842 мың орын осы «Жайлы мектеп» жобасы аясында шешімін таппақ. Қалған мектеп орындары туралы біз бөлек айтатын боламыз», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай «Жайлы мектеп» ауылдық жерлерде де салынбақ.


Соңғы жаңалықтар