USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Елімізде салық төленбей жалға берілетін 12 мың пәтер анықталды

2021 жылғы 6 желтоқсан 11:39
Бөлісіңіз:
Елімізде салық төленбей жалға берілетін 12 мың пәтер анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде салық төленбей жалға берілетін 12 мың пәтер анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Осы жылдың қыркүйек айынан желтоқсанға дейін жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды. Ол құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ халық қауіпсіздігінің проблемалық мәселелерін зерделеуге және одан әрі шешуге бағытталған. Операция кезінде учаскелік полиция инспекторлары бекітілген әкімшілік учаскелерде халықпен танысу, қару иелерін, ішкі істер органдарында есепте тұрған шетелдіктер мен азаматтарды тексеру үшін аулаларды және пәтерлерді аралап шықты. Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді зерттеу және шешу үшін тұрғыдармен кездесулер өткізілді», - деді ресми өкіл ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, алдын алу іс-шарасының 2 айында полиция қызметкерлері 5 миллионға жуық пәтер мен жеке үйлерді аралап, 300 мыңнан астам саяжай мен 60 мыңға жуық шаруа қожалығын, қыстақ, шаруашылық орындарын тексерді.

«Жалға берілетін 100 мыңға жуық пәтер тексерілді. Тексеру барысында Мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген тұрғын үйді жалға берудің 12 мыңға жуық фактісі анықталды», - деді Нұрділдә Ораз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT