Елімізде сақтандыру омбудсменінің рөлі күшейтіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда сақтандыру омбудсменнің рөлі күшейтіледі. Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Заңда сақтандыру омбудсманының сақтандыру ұйымымен клиенттердің келіспеушіліктерін міндетті түрде сотқа дейінгі реттеуді енгізуі көзделген. Бұл норма 2024 жылдан бастап енгізіледі. Клиенттер ең алдымен сақтандыру омбудсменіне, содан кейін сақтандыру омбудсмені сақтандыру компаниясымен мәселені шешпесе, сотқа жүгінуге міндетті болады. Омбудсмен шығарған шешімдерді сақтандыру ұйымдары орындауға міндетті. Мұны агенттік қадағалайды», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сақтандыру омбудсмені Қазақстанда 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Сақтандыру омбудсмені – өз қызметінде тәуелсіз тұлға, оның негізгі қызметі – сақтандыру ұйымдары мен олардың клиенттері арасында жасалған сақтандыру шарттары бойынша дауларды соттан тыс шешу.

Сақтандыру ұйымының клиенті үшін сақтандыру омбудсманы тегін қызмет көрсетеді. Сақтандыру омбудсмені қарауға құқылы даулар бойынша талаптар сомасы 10 000 АЕК-тен аспауға тиіс (2022 жылғы жағдай бойынша шамамен 31 млн теңге).

Көп жағдайда сақтандыру омбудсманына сақтандыру төлемінің мөлшеріне, көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға, төлемді жүзеге асырудан бас тартуға және т. б. байланысты көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберіндегі даулар бойынша жүгінеді.

Сонымен қатар сақтандыру омбудсмені сақтандырудың барлық түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттейді, мұнда жеке тұлғалар немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері сақтанушы ретінде әрекет етеді. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсменіне көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша ғана жүгіне алады.


Соңғы жаңалықтар