+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Елімізде проблемалық қарызы өтелген 1,4 млн азаматтың мәртебесі өзгерді

2020 жылғы 2 қараша 11:38
Бөлісіңіз:
Елімізде проблемалық қарызы өтелген 1,4 млн азаматтың мәртебесі өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда кредит тарихы нашар қарыз алушыларды оңалту тәсілдері әзірленді. Бұл жайында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасованың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық қылмыстық жауапқа тартылған Кореяда сотталған 25 қазақстандықты елге қайтаруға мүмкіндік жасалмақ Партияларға Парламентке өтуге мүмкіндік жоғарылайды - Әли Бектаев

«Агенттіктің қаржы нарығына қатысушылармен және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп, кредит тарихы нашар қарыз алушыларды оңалту тәсілдерін әзірлегенін хабарлаймыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, оңалту алгоритмі бұрын проблемалық қарыздарын өтеген 1,4 млн азаматқа «оңалтылды» мәртебесін беруді көздейді.

«90 күннен астам мерзімі өткен қарыздары бар қарыз алушыларға қатысты оңалтудан өту кезеңдері (оңалтуға өтініш беру, берешекті қайта құрылымдау немесе қарызды қайта қаржыландыру рәсімдерін әзірлеу, қарыз алушы мен кредитор арасында келісім жасау, қарыз

бойынша төлемдерді жаңарту) белгіленді. Олардан өту нәтижелері бойынша қарыз алушыға «оңалтылды» мәртебесі беріледі. Оңалту рәсімін шамамен 600 мың борышкер пайдалана алады», - деді агенттік төрайымы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT